Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 19 желтоқсан күнгі Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстар жөніндегі болжамын жариялады.

тұман, қар, көктайғақ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Елімізідің басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық жүйелер айқындайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал елдің батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ пайда болуы, желдің күшеюі болжанып отыр.

Еске сала кетсек, 18 желтоқсан күні ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланғанын жаздық.

Ал ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар