Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының басшысы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының жаңа басшысы болып Олжас Ысқақов тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының басшысы тағайындалды
Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Олжас Ермекұлы 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

— Қызылорда медициналық колледжі мен С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында емдеу ісі мамандығы бойынша интернатурадан өткен. Одан бөлек, Қазтұтыну одағы экономикалық университетін экономика саласындағы құқықтық реттеу мамандықтары бойынша бітірген. Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент магистрі. Бүгінгі күні Алматы менеджмент университетінде докторантура бойынша білімін жетілдіріп жатыр, — делінген хабарламада.


Еңбек жолын 2013-2014 жылдар аралығында Қызылорда қалалық № 3 емханасының аймақтық терапевт дәрігері болып бастаған. 2014-2016 жылдар аралығында № 3 қалалық емханада бөлім меңгерушісі, 2016-2018 жылдары осы емханада бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылдың ақпан айы мен қыркүйек айы аралығында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2018-2021 жыл аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі, 2021-2023 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап бүгінге дейін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, өткен аптада еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде және жергілікті атқару органдарында маңызды кадрлық ауыс-түйіс болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум