Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының ІІД-де болды

ПЕТРОПАВЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Анатолий Выборов республикалық ақпараттық-насихат тобының құрамында Петропавлға келді,
None
None

ол СҚО ішкі істер департаментінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық ІІД-де өткен кездесуге солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы, басшылары, ішкі істер органының ардагерлері, журналистер қатысты. Оны СҚО ІІД-нің басшысы, полиция полковнигі Мұрат Орымханов ашты. Ол жеке құрамды республикалық ақпараттық-насихат тобы жұмысының мақсаты жөнінде ақпараттандырды.

Генерал-майор ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кездесудің соңында А.Выборов жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулер Қызылжар АІІБ-де және ҚР ІІМ ІӘ әскери институтында өтті.

Соңғы жаңалықтар