Резерваттан заңсыз аң аулағандарға қандай жаза қолданылады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — «Ертіс орманы» табиғи резерваты аумағында аңның кез келген түрін атуға тыйым салынған. Аңшылар кейбір сирек және бағалы аңдарды аулағаны үшін қандай жаза қарастырылғанын біле жүргені абзал. 

аңшы
Фото: ашық дереккөзден

2026 жылы белгіленген айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК = 4 325 тг) негізінде, заңсыз ауланған әрбір аң үшін мемлекетке келтірілген залалды өтеу міндеттеледі. Ал резерват аумағында бұл сомалар еселеніп есептеледі.

«Ертіс орманы» резерватында аңшылыққа тыйым салынған. Мұны білмей, мылтық кезесеңіз, ірі көлемдегі айыппұлдар мен қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.

Тұяқтылар мен терісі бағалы аңдар:

— Бұлан — 2 162 500 теңге (500 АЕК) — ең ірі айыппұлдың бірі;
— Елік — 1 081 250 теңге (250 АЕК);
— Орман сусары: 865 000 теңге (200 АЕК);
— Сілеусін: 86 500 теңге (20 АЕК);
— Борсық: 43 250 теңге (10 АЕК);
— Түлкі, қоян, қарсақ, тиін: 21 625 теңге (5 АЕК).

Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар мен аңдарды аулау — ерекше ауыр қылмыс. Олардың популяциясының азаюы экожүйенің тепе-теңдігін бұзады. Мәселен:

Ителгі: 3 027 500 теңге (700 АЕК);
Бүркіт және сұңқылдақ аққу: 1 730 000 теңге (400 АЕК).
Тек жануардың өзін ғана емес, оның өсіп-өну ортасын бұзу да заңмен жазаланады. Мәселен, құс ұясын немесе аң інін бұзғаны үшін 43 250 теңге (10 АЕК) айыппұл салынса, жұмыртқаларды заңсыз алудың жазасы ересек жануар құнының 50%-ын құрайды.

Жануарларды іздеу, аңду және қудалау, сондай-ақ аңшылық алқаптарында қару-жарақ немесе аң аулайтын құстармен жүру аңшылыққа теңестірілетінін білу маңызды. Бұл әрекеттер үшін де айыппұл салынып, қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Бұған дейін Павлодар өңірінде қыста қандай аңдарды аулауға болатынын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар
Референдум