Рыбакина барлық «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандықтар арасында үздік нәтижеге қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина барлық «Үлкен дулыға» турнирінде төртінші айналымға өткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Е.Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында өз спорттық жолында бірінші рет төртінші айналымға өтті.
Қазақстандық теннисші осыған дейін 2022 жылы Уимблдонда чемпион болды. 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетті. Ал Ролан Гаррос турнирінде екі рет, 2021 және 2024 жылдары ширек финалда ойнады.
Е.Рыбакина АҚШ ашық біріншілігінің ширек финалына шығу үшін рейтингіде 60-орындағы чехиялық, 2023 жылғы Уимблдон чемпионы Маркета Вондроушовамен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолиниді қапы қалдырды — 7:6 (7:4), 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ чемпионын ойсырата ұтып, төртінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.