Риддер автобустарында электронды билеттеу жүйесі енгізіледі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының тағы бір қаласындағы автобустарда электронды билеттеу жүйесі енгізіледі.

автобус
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Бұған дейін Риддердегі қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізген компания өз жұмысын тоқтатқан болатын. Бүгінде сол жұмысты жалғастыратын жаңа оператор анықталды. 

Енді жолаушылар жолақыны электронды карталар арқылы төлей алатын болады. Бұл туралы қалалық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен мәлім етті. 

— Семей қаласындағы «Smart City» компаниясымен электронды билеттеуді енгізу туралы келісімшартқа қол қойдық. Ертеңнен бастап жүйені орнату жұмыстары басталады. Автобустарға валидаторлар орнатылып жатыр. Картамен төлеу бағасы — 130 теңге. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылады, — делінген ақпаратта. 

Жоспар бойынша осы аптаның соңында электронды билеттеу жүйесі іске қосылады. 
Еске салсақ, осыған дейін Астанада үш жаңа автобус бағдары іске қосылатындығы хабарланған

Соңғы жаңалықтар