09:52, 30 Сәуір 2023 | GMT +5
Риддерде жылыту маусымы келесі айға дейін созылатын болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Риддер қаласындағы жылыту маусымы сәуір айында аяқталмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддерде өткен жылдың күзінде басталған жылыту маусымы сәуірдің 29-ында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда ауа температурасының төмендеп кетуіне байланысты шегеріліп отыр.
«Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері ауа температурасы күрт суытады. Сондықтан жылыту маусымы әзірге аяқталмайды. Шамамен 3 мамырға дейін созылуы мүмкін», - деп хабарлады жылу электр орталығынан.
Айта кетейік, осыған дейін Риддердегі жылу орталығында екі күнде 3 ақау шыққанын хабарлаған едік. Сол кезде қаладағы жылу маусымының 29 сәуір күні аяқталатындығы айтылған.