Рим Папасы Қазақстанға әрі қарай да бауырластық пен түсіністікте өмір сүру үшін не қажет екенін айтты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рим Папасы Франциск EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Месса рәсімін бастады. Ол өз сөзінде Қазақстанға әрі қарай да бауырластық пен түсіністікте өмір сүру үшін не қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Месса рәсімінің барысында Рим Папасы қазақстандықтарды өз тарихын санада қастерлеп ұстауға шақырды.

«Бұл жердің тарихы да түрлі ауыртпалықтан кенде емес. Мен зорлық-зомбылықтың әбжыландары туралы, атеистік қудалаулар туралы, халықтың еркіндігіне қатер төнген тынышсыз жол туралы ойлаймын.

Бізге басымыздан өткерген қайғы-қасіретті есте сақтау пайдалы: біз өз жадымыздан кейбір беймәлім дүниелерді сызып тастамауымыз керек. Әйтпесе біз оларды ағып өткен. бірақ кейін кері ақпайтын су деп сеніп қалуымыз мүмкін», - деді Католик шіркеуінің басшысы.

Оның айтуынша, елді бейбітшілікте ұстап тұру үшін күн сайын соның жолында үздіксіз жұмыс істеу керек.

«Бейбітшілікпен мәңгілікке қамсыздану мүмкін емес. Оны түрлі этникалық топтар мен діни дәстүрлердің тіршілік етуі, тұтастықта даму және әлеуметтік әділеттілік сияқты күн сайын шыңдап отыру қажет.

Ал Қазақстан бауырластық пен диалогта, түсіністікте бұдан да жақсы дамуы үшін, өзге халықтармен ынтымақты әріптестік көпірін орнату үшін жалпыға ортақ күш салу керек», - деді Рим Папасы Францик.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша іс-шара өтетін аумаққа қазіргі таңда 7 мыңнан астам адам жиналған.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Месса өтіп жатқан аумақ 10 мың адамға шақталған.

Оның басым бөлігі Орталық Азия мен өзге де таяу елдердің діндарларына арналып отыр.

Шара елорданың EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтті.

Ресейлік дін қызмектері пірадар Иван аталмыш шараны тарихи маңызы бар оқиға деп атады.

Қарағанды облысынан Мессаға 350-ден астам католик арнайы келген.



Соңғы жаңалықтар