Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды.

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, алғашқы белдесуінде ол ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасты.

Кездесу 5:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Начын Куулар (65 келіге дейін) қытайлық Тао Вэйді ұтып, әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз болған.

 

Соңғы жаңалықтар