Робот «немерелер» қарттардың жалғыздықтан арылуына көмектеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Hyodol стартапы жасаған осындай аттас сүйкімді робот егде жастағы адамдарға жалғыздықты жеңуге көмектеседі, деп хабарлайды restofworld.org

Робот «немерелер» қарттардың жалғыздықтан арылуына көмектеседі
Фото: restofworld.org

Қарт адамдар араласа алатын бұл сүйкімді шүберек қуыршақ Hyodol ChatGPT технологиясына негізделген чат-ботты пайдаланып, өзінің көңілді дауысымен сөйлесіп, қарттарға дәрі қабылдауды немесе тамақтануды ескертеді.

Ол өзінің «атасын» немесе «әжесін» бақылап, әлеуметтік қызметкерлер мен отбасы мүшелеріне төтенше жағдайлар туралы ескертеді.

Мысалы, робот 24 сағат бойы қарттардың қозғалысын байқамаса, бұл туралы хабарлайды. Сондай-ақ қуыршақтар иелерінен олардың хал-жағдайын, ауырып тұрған жоқ па немесе көңіл-күйінің қандай екенін үнемі сұрайды.

12 000-нан астам роботтар жалғызбасты қарттардың үйлеріне орналастырылды және олар осы «немерелерімен» уақыт өткізгенді ұнатады. Көптеген әлеуметтік қызметкер мен психологтар қарттардың жалғыздықтан қорқатынын және Hyodol робот-қуыршағы бұл қорқынышты сәтті жеңетінін айтады.

Еске сала кетейік, Жапонияда 60 жастан асқан әжелерді «жалға алу» қызметі танымал болып келеді

Соңғы жаңалықтар