Роман Скляр Екібастұз ЖЭО-ның желілеріне қатысты түсінік берді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қатты дауыл салдарынан электр желілерінің үзілуі оқиғасынан кейін Екібастұз ЖЭО жұмысын қалпына келтіру жайында түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform. 

Роман Скляр Екібазтұз ЖЭО-ның желілеріне қатысты түсінік берді
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Екібастұз ЖЭО-сына тартылған электр желісі үзіліп, қазандықтар тоқтап қалды. Арада 5 сағат өткеннен кейін іске қосылған. Екібастұз ЖЭО қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы, жылу беру желілерінің параметрлері қазір нормадан жоғары десек болады», - деді Роман Скляр Сенат отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

 

Еске салсақ, жақында дауылдың салдарынан Екібастұз ЖЭО электр қуатынсыз қалды. ГРЭС-1-ден қуат алатын негізгі және резервтік қосалқы станциялардың тоқтап қалуына байланысты станцияны электр энергиясымен қамту үзілген еді.

 

Соңғы жаңалықтар