Роскомнадзор Ресейде Roblox платформасын бұғаттан шығарудан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Роскомнадзор Ресейде Roblox платформасын қайта іске қосуға ешқандай негіз көріп отырған жоқ.

Роскомнадзор отказался разблокировать Roblox в России
Коллаж: Canva

- Қазіргі уақытта Roblox платформасын бұғаттан шығаруға ешқандай негіз жоқ, - деп мәлімдеді Роскомнадзордың баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне. 

Желтоқсан айының басында ведомство Roblox онлайн-ойын платформасын ресми түрде бұғатталды. Ресейдің байланыс және ақпарат саласын бақылау қызметі бұл шешімді сервис арқылы экстремистік материалдардың таралуы және ЛГБТ-идеялардың насихатталуымен түсіндірді.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, балалар арасында танымал платформада террористік әрекеттерді бейнелеу, мектепке шабуыл жасау, құмар ойындарға қатысу сияқты контент кездескен. Сонымен қатар, ведомство Roblox-та балаларға қатысты «жыныстық сипаттағы әрекеттер, интим фото талап ету, азғындыққа итермелеу және зорлық көрсету қаупі бар» екенін атап өтті.

Кейінірек ведомство платформаның өз жұмысын Ресей заңнамасына сәйкестендіргені туралы хабарландыруынан кейін Roblox-пен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. 
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Бұған дейін Roblox чат пайдаланушылары үшін жас шектеулерін енгізетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар