Рубио шетелдегі барлық USAID қызметкерлері жұмыстан шықсын деп бұйырды

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ-тың дүние жүзіндегі елшіліктеріне АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қалған барлық қызметкерлерін жұмыстан шығару шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ABC News.

Рубио шетелдегі барлық USAID қызметкерлері жұмыстан шықсын деп бұйырды
Фото: friendsofusaid.substack.com

Рубио елшіліктерге 30 қыркүйекке дейін «USAID-тың барлық шетелдегі позицияларын жою» жоспарын орындауды бұйырады.

Мемлекеттік департамент USAID-тың сыртқы көмек көрсету бағдарламаларын өз мойнына алады.

Федералды судья президент Дональд Трамптың бірнеше федералды агенттіктерде, соның ішінде Мемлекеттік департаментте жаппай жұмыстан босату туралы бұйрығына уақытша тосқауыл қойды, ал талапкерлер Рубионың қайта ұйымдастыру жоспары бұйрықты бұзатын сияқты деп санайды.

Шетелде қалған USAID қызметкерлерінің барлығын жұмыстан шығару Трамп әкімшілігі мен Үкіметтің тиімділігі жөніндегі департаментінің (DOGE) АҚШ агенттігін жою және оның 10 000-нан астам қызметкерлері мен мердігерлерін жұмыстан шығаруға бағытталған соңғы қадамы.

Бұған дейін Қазақстанда 6 жыл ішінде тоғыз ҮЕҰ USAID қаржысын алғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар