Рубио: USAID шетелдік көмек бағдарламаларын іске асыруды тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM –  АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Вашингтон мүддесіне сай келетін шетелдік көмек бағдарламаларын тоқтатады, деп хабарлайды ТАСС.

Рубио: USAID шетелдік көмек бағдарламаларын іске асыруды тоқтатты
Фото: friendsofusaid.substack.com

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың жазбаша мәлімдемесінде айтылды. Мәлімдемеге сәйкес, аталған бағдарламалардың бір бөлігі енді Мемлекеттік департамент құзыретіне өтеді. 

АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) 1 шілдеден бастап ресми түрде шетелдік көмек көрсетуді тоқтатады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.

— Әкімшілік бағытына сәйкес келетін және америкалық мүдделерді ілгерілететін бағдарламалар Мемлекеттік департаменттің құзыретіне өтеді. Олар бұдан былай тиімдірек және жүйелі түрде жүзеге асырылады, — деді Рубио.

Оның айтуынша, Вашингтон Америка Құрама Штаттарының гуманитарлық көмек пен экономикалық даму саласындағы дәстүрлі міндеттемелері сыртқы саясатта «алдымен Америка» қағидасына сай келуі тиіс деп есептейді.

— Салық төлеушілердің қаржысы алыс елдердегі сәтсіздікке ұшыраған үкіметтерді қаржыландыруға жұмсалмауы керек. Болашақта біздің көмегіміз нысаналы әрі уақытпен шектелген болады, — деді мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, Рубио USAID агенттігінің посткеңестік кезеңнен бері салық төлеушілер қаражатына сүйенген үлкен бюджетке ие бола отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізе алмағанын айтты.

— Даму мақсаттары сирек орындалды, тұрақсыздық жиі күшейіп отырды, ал антиамерикалық көңіл-күй арта түсті. АҚШ-тан елеулі көмек алып отырған елдер көп жағдайда бұған жауап қатпайды, — деді ол.

Айта кетелік Рубио шетелдегі барлық USAID қызметкерлері жұмыстан шықсын деп бұйырған еді

Соңғы жаңалықтар