16:05, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Рудныйда ЖОО оқытушысын өлтіріп кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда жергілікті индустриалдық институттың оқытушысын өлтіріп кетті. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Зардап шегуші 30 жылдығын тойлаймын деп ажал құшты. Ол 6 жерден пышақпен жарақатталған. Марқұмды келесі күні көршісі тапқан.
Полиция қызметкерлері дәмханадағы кештен кейін оқытушы үйіне 26 жастағы досын ертіп келгенін анықтады. Ол жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті.
Қылмысын мойындаған күдікті тұтқынға алынды. Іс бойынша заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.