Румынияның қорғаныс министрі жалған дипломы үшін отставкаға кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Румынияның қорғаныс министрі Йонуц Моштяну өз білімі туралы жалған мәліметтерге қатысты шыққан даудан кейін отставкаға кетті. Бұл туралы румындық Digi24 арнасы хабарлады, деп жазды Белта.

Румынияның қорғаныс министрі жалған дипломы үшін отставкаға кетті
Фото: Белта

— Бүгін мен министрліктегі қызметімнен кету туралы өтініш жаздым. Мен біліміме қатысты әрі көп жылдар бұрын жасаған қателігіме байланысты талқылаулар қазіргі уақытта елді басқарып отырғандарды алаңдатқанын қаламаймын, — деді ол.

Румындық БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, Моштяну өз қызметіне алғаш рет орналасқанда, яғни, көлік министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеп жүрген кезде, ресми түйіндемесінде Бухарестегі Athenaeum университетін бітіргенін көрсеткен. Алайда университет өкілдері оның ешқашан студенті болмағанын мәлімдеді.

Жалған мәліметтердің әшкереленуінен кейін Моштяну түйіндемесінде Athenaeum университетінің дипломы туралы ақпараттың қате екенін мойындады. Министр бұл қателікті «интернеттен алынған үлгі бойынша асығыс толтырылған түйіндеме» деп түсіндірді.

Кейінірек министр басқа дипломның суретін жариялап, ол — Bioterra университетінің дипломы. Румындық БАҚ бұл диплом мен Моштянудың түйіндемесінде де «маңызды сәйкеспеушілік» бар екенін атап өтті.

Ресми биографиялық мәліметтерге сәйкес, Моштяну 1995 жылы Bioterra университетіне түскен. Бірақ оның агротуризм саласы бойынша алған дипломы 2018 жылға тиесілі. Өзіның айтуынша, ол оқуын тастап, жұмысқа кірісіп, кейіннен білім алуын жалғастырған. 2015 жылы желтоқсанда Моштяну Румынияның көлік министрінің кеңесшісі және мемлекеттік TAROM әуе компаниясының басқарма мүшесі қызметтерін атқаруға тағайындалды. Заң бойынша, бұл екі лауазымды атқару үшін Моштяну жоғары білім туралы диплом ұсынуға міндетті болған.

Айта кетейік, Румыния елдегі НАТО әскерінің санын көбейтетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар