Сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қандай шара қолданылды

АСТАНА. KAZINFORM – Сыныпта педагогтің шәкіртіне балағат сөз айтып, қол көтерген видеосы желіде тараған еді. 

Сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қандай шара қолданылды
Фото: Астана әкімдігі

Оқиға елорда мектептерінің бірінде болған. Қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. 

Ведомствоның мәлімдеуінше, аталған фактіге байланысты қызметтік тексеріс жүргізілген.

– ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы, 1-тармағы, 14-тармақшасына сай, яғни «Тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған» нормасына байланысты педагог жұмыстан босатылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп директоры мен оның орынбасарына ресми түрде тәртіптік жаза қолданылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде самокатты жалға беру бизнесін ұйымдастырған мұғалім сотталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар