Садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Даккада (Бангладеш) өткен Азия чемпионатында топ жарды. 

Садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түсті
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, құрама сапынан Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Мұса Ділмұхамет блоктық садақ атудан командалық жарыста сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Финалда отандастарымыз Үндістан құрамасынан 230-229 есебімен басым түсті. Ал Оңтүстік Корея құрамасы жүлделі үшінші орынды місе тұтты. 

Еске салсақ, осыған дейін нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар