Сағадиев Атырау ұстаздарымен кездеседі

«Сәуірдің 11-і күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Атырау облысында ұстаздар қауымымен кездесуге қатысады деп жоспарлануда. Дәл осы күні денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі ақпараттық-насиxаттау тобы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады деген жоспар бар», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте.
Ал сәуірдің 12-сі күні ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары жоспарланып отыр. Министр Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құру және жаңғырту жұмыстарымен танысып, облыстың энергетика нысандарын аралайды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі ақпараттық-насиxаттау тобы Қарағанды облысына баруы тиіс.
Сондай-ақ, Алматы қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексі» бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.