Сағадиев мектептерге көмір мен отынды уақытында жеткізуге уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беру нысандарының жылу маусымына дайындық мәселесі бойынша есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде 2620 мемлекетік балабақша, 7100 мектеп, 473 колледж және 130 жоғары оқу орны жылу маусымына дайын.

«Аталған білім беру мекемелерінің бәрі дайындық актісін алды. Барлық аймақтарда көмір мен отынды жеткізу кестеге сәйкес жүргізіледі. Жалпы жылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы мәселені бақылауда ұстаймыз», - дейді Ерлан Кенжеғалиұлы.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне қарасты саланың жылу маусымына дайындығы кестеге сай жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Жалпы республика бойынша 5774 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде орталық жылытуға 820 нысан қосылса, 312-сі электр жылытумен қамтылған. Бұдан бөлек, қатты және сұйық отында отырғандардың саны 3817 нысанды құрап отыр. Ал газбен жылынып жатқандар - 825. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, 5733 нысаны бойынша жылу мауысымына дайындық деңгейі 92 пайызды құрап отыр», - деп атап көрсетті Елжан Амантайұлы.

Соңғы жаңалықтар