Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай жеңісті жолды жалғастырды.

Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Боксшымыз жартылай финалда 92 келіге дейінгі салмақта қытайлық Таймиао Люды жолдан тайдырды.

Қарсыласына ауыр соққылар дарытқан Сағындық оны нокдаунға жіберді. Қытай тарабы содан шаршы алаңға ақ орамал тастауға мәжбүр болды.

Енді Сағындық Тоғамбай да алтын үшін таласатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Абылайхан Жүсіповтің екінші рет бокстан Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз. 

Әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен шеберлік байқасты.

Жекпе-жек Абылайханның айқын басымдығымен өтті - 5:0.

Азия чемпионатында Диас Молжігітов финалға жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар