Сахнадағы сырлы әлем: Көкшетауда дефиле-шоу ұйымдастырылды
Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының кезекті маусымының ашылуы қарсаңында «техникалық безендіру» қызметкерлерінің еңбегін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған САХНАДАҒЫ СЫРЛЫ ӘЛЕМ " атты апталық өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының XXVII театр маусымының ашылуы қарсаңында «техникалық безендіру» қызметкерлерінің еңбегін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Сахнадағы сырлы әлем» атты апталығы мәресіне жетті.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының мәліметінше, апталық аясында алғаш рет қойылым костюмдерінің дефилесі өтті.
«Көрсетілім қатысушылары «Ақан сері – Ақтоты», «Калигула», «Турандот», «Күлше қыз», «Мүйізтұмсық», «Еріккендер ерлігі», «Алиса айналар әлемінде», «Отелло», «Құлыншақ пен бөлтірік», «Қып қызыл ақша», «Отбасылық құпия», «Жын ойнақ», «Келіндер көтерілісі» және басқа да қойылымдарының костюмдерін ұсынды. Шараның мақсаты – сахнаның сыртындағы «техникалық безендіру» қызметкерлерінің еңбегін насихаттау», - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, көрсетілім аясында қажырлы еңбек етіп «Адал азамат» ұғымын бейнелейтін еңбек адамдары - тігін, машина, реквизит цехтарының мамандары, сахна техниктері, жарық бойынша мамандар, гримерлер, костюмерлер, бутафорлар Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 1500 домбырашы бір мезетте күй тартқанын жазған едік.