Сақал-мұрты «өскен» Мейрамбек Бесбаев халыққа пранк жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы тұрғындарын Домбыра күніне арналған іс-шараға ерекше әдіспен шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Әнші өнердегі үзеңгілестерімен бірлесіп, қала көшелерінде тұрғындарға пранк ұйымдастырды. Ол жасанды сақал-мұрт тағып, көзілдірік пен бейсболка киіп, ел танымайтын образда көшеге шықты.

Солай, далада домбырамен халық алдында өнер көрсетіп отырған ер адамға таянып, аспабында ойнауға рұқсат сұрады. Жиналып тұрған жұрт белгісіз ер адамға домбыраны беруді қоштай кетіп, қолынан келер өнерді тағатсыздана күтіп тұрды.

М.Бесбаев домбыраны қолына аз-маз ұстап отырып, күмбірлете күй тарта жөнелгенде қаумалап тұрған жұрт ду ете қалды. Арқаланып, одан әрі ойнай түсуін сұрады.

Бірнеше композиция орындаған әртіс инкогнито образынан шығып, жасанды сақал-мұртын, бас киімін шешті. Әншінің бұл пранкын халық жылы қабылдап, шапалақ соғып, онымен суретке түсуге асықты.

Ал Мейрамбек Беспаев қазақстандықтарды Домбыра күніне арналған шараның көрермені болуға шақырды.

«Қымбатты достар, барлықтарыңызды көруге қуаныштымын! 2 шілде күні Абай алаңында, яғни Республика сарайының алдында өтетін Домбыра күніне баршаңызды шақырамын. Келіңіздер!», - деді ол микрофонды алып.


Соңғы жаңалықтар