«Саламатты Қазақстан» пойызы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына аялдайды

саламаттық қазақстан пойызы
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Ақтөбе облысының тұрғындары жоғары білікті мамандардан медициналық көмек ала алады. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Мұғалжар ауданына барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – әлеуметтік жоба. Оны іске асыруда «Samruk-Kazyna» АҚ-ның «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Әлеуметтік жобалар қорымен» бірлесе көп жұмыс атқарылды. «Саламатты Қазақсан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі – ҚР Президенті Телерадиокешені.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен биыл алғаш рет әлеуметтік қолдау, зейнетақы тағайындау, әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек жөнінде кеңес алуға мүмкіндік жасалды. Сонымен бірге шалғай ауыл тұрғындары медиация және заңгерлік кеңес ала алады. Ақтөбенің Мұғалжар ауылына пойыз 10 қазан күні сағат 21:36-да аялдайды. Екі күн бойы қызмет көрсетеді, яғни 12 қазан күні сағат 20:40-қа дейін қабылдау жүреді.

Жоба аяқталғанша (2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін) пойыз барлығы 18 мың шақырым жол жүреді. Мамандар медициналық, медиациялық, құқықтық кеңес береді. Биыл ауыл халқы терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр секілді салаларды қамтитын жоғары білікті мамандардың қабылдауында болып, қажет кезде шағын ота да жасата алады. Тіс емдеу де, жұлу да – тегін. Пойыз ішіндегі аппараттың бәрі заманауи талапқа сай. Онда УЗД, флюорография аппараты, зертхана бар. Сонымен бірге жоғары жылдамдықты интернет қосулы.

Соңғы жаңалықтар