Салық жүйесі бизнес өкілдерімен сенімді серіктестік орнату тәсіліне көшуі керек - Тоқаев

ТАРАЗ.KAZINFORM - Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуі барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болатынын айта келе, елде кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

В этом году в Жамбылскую область привлечено около 600 млрд тенге инвестиций
Фото: Ақорда

Бірінші қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Салық жүйесі бақылау-жазалау тәсілінен бизнес өкілдерімен сенімді серіктестік орнату тәсіліне көшуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған міндет. 

Облыстардағы іскерлік ахуалды жақсарту үшін «Іскер аймақ» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл жоба, ең алдымен, ауылдар мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға арналған. 

-Бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болады. Бүгінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Кәсіпкерлер 4,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – еліміздегі еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы деген сөз,-деді Мемлекет башысы. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс саласы тың серпінге ие болғанына тоқталды.

-Елімізде белгілі шетелдік және отандық компаниялар ойдағыдай жұмыс істеп жатыр, ірі өндіріс орындары ашылып жатыр. Биылдың өзінде 33 зауыт іске қосылды,-деді ол. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүр. Президент онда бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көрді

Соңғы жаңалықтар