Салт-дәстүрді жастарға заман талабына сай жеткізу қажет –«Рухани жаңғыру» орталығының басшысы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Орталық басшысы Нұрлыхан Хасенов «Ақтөбе» телеарнасының «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында айтып өткендей, жобаның негізгі аудиториясы – жастар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мәдениет пен өнер саласына үлкен серпін берді. Тарих қайта түлеп, түрлі зерттеулер жүргізілді. Тұлғалардың өмірбаяны, еңбек жолы жазылды, деректі материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Өйткені өткенді саралап, болашақты бағдарлау бүгінгі күннің жұмысы. Ақтөбе облысындағы «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыхан Хасенов бірнеше жылға созылған еңбектің бергені мол екенін айтады.

«Президенттің бастамасымен он ұлттық жобаның тізімі жарияланды. Оның ішінде ұлттық «Рухани жаңғыру» жобасы бар. Осы бес жылда көп іс атқарылды. Негізі ұлттық жоба үш негізгі бағытқа бөлінген. Біріншісі – рухани жаңғыру құндылықтары және мемлекеттік тілді дамыту. Екінші – ел рухы. Яғни, мәдениет саласындағы жұмыстар. Ал үшіншісі – жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі аудиториясы – жастар. Аға буын мен орта буынға рухани жаңғырудың принциптерін үйрете берудің қажеті жоқ. Ол түсінікті дүние. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлерімізде заман талабына сай жастарға жеткізу – бағдарламаның негізгі міндеттеріне жатады», - деді Нұрлыхан Хасенов.

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырған кезде материалдық-техникалық базаны нығайтпай, қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін емес. Сондықтан мәдениет саласы нысандарын салу, жөндеу маңызды. Былтырдың өзінде облыста 6 нысан салынып, 12-іне жөндеу жүргізілді.

«Ал «Киелі жерлер географиясы» бағдарламасы арқылы ішкі туризмді дамытуға болады. Яғни, осы уақытқа дейін Абат Байтақ, Хан моласы мемориалдық кешенін абаттандыру, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Темір ауданында Досжан ишан мешіті қалпына келтірілді. Бір жағынан тарихымыз қайта қалпына келтірілді. Екіншіден, ішкі туризмнің дамуына ықпал етеді. Бұл тұста инфрақұрылым мәселесі де туындайды. Менің ойынша жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Қазіргі кезде оқушылар, студенттер жиі экскурсияға шығып жүр», - деді Нұрлыхан Хасенов.


Соңғы жаңалықтар