Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды – ІІМ
Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Астана қалалық полиция департаменті С.Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады», - деп мәлім етті министрліктен.
Сонымен қатар ведомство «Гастроорталық» директорына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарының аяқталғанын атап өтті.
«Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады», - деп нақтылады ведомстводан.
Еске салайық, биылғы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Кейін Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Елорда полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу амалдарын бастады.
11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевті 2 айға қамауға алу шарасын санкциялады.
12 қарашада кісі өлімі болған «Гастро-Орталық» мейрамханасының директоры ұсталды.
15 қарашада өткен кеңесте Президент Қ.Тоқаев ІІМ-ге Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.