«Самара-Шымкент» тас жолында мигранттар бар екі автобус ұсталды

Автобустарды ОҚО-ның 27 жастағы тұрғыны мен Өзбекстан Республикасының 30 жастағы азаматы жүргізген.
Автобустың салонын тексеру кезінде олардың шамадан тыс артылғаны анықталды. Рұқсат етілген 51 жолаушының орнына бірінші автобустың салонында 108 адам болған, екіншісінде Өзбекстан Республикасының 91 азаматы болды.
Жолаушылардың құжаттарын тексеру үшін автобустар Хромтаудың АІІБ-не жеткізілді, одан кейін рұқсат етілген жүк салмағы бар автобустар қозғалысын жалғастырды. Тағы 97 жолаушы уақытша кемпингке орналастырылып, жолдарын басқа амалдармен жалғастыратын болады.
Автобус жүргізушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 463 бабының 1 бөлімі («Шамадан артық жүк тиеу») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айыппұл сомасы 5 АЕК-ты құрайды.