«Самұрық-Қазына» ЕАЭО елдерінен 76,2 млрд теңгенің тауары мен қызметін сатып алған
АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы сатып алатын импорттық тауарлармен қызметтердің 49 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпорындарына тиесілі. Бұл тауарлы қордың Сатып алулар әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры Азамат Сембай мәлім етті.

- 2024 жылы «Самұрық-Қазына» тобы шетелдік жеткізушілермен жалпы сомасы 155,6 млрд теңгенің шартын жасасты. Бұл барлық сатыпалулар көлемінің 3%-ы, - деді ол.
Айтуынша, бұл соманың тең жартысына жуығы ЕАЭО елдеріне кеткен.
- Аталған сома ішіндегі 49%-ы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген жеткізушілердің үлесіне тиесілі, - деді департамент директоры.
Еске салсақ, 2024 жылғы бюджеттің атқарылуын талқылауға арналған отырыста Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазынай акционерлік қоғамын таратып жіберуді ұсынған болатын.