Санжар Ташкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

None
Фото: sports.kz
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Ташкенбай (48 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешкі сессияда ел құрамасынан Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратакемен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы минутынан қарсыластар бірден шабуылға көшті. Санжар көбірек соққы жұмсауға тырысты.

Нәтижесінде ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер бірінші раундта Санжардың басымдығына қолдау білдірді.

Екінші раундта да төрешілер қазақстандық боксшының жеңгенін растады.

Осылайша Санжар Тәшкенбай қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Енді ел құрамасынан А рингінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан Дулат Бекбауов ширек финалға өтті. Ал Нұрқанат Райыс пен Серік Теміржанов ширек финалға шыға алмады.

Қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар