Сапарбаев Димаштың ата-әжесіне алғыс айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше ардагерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Әкім Димаш Құдайбергеннің ата-әжесіне ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін ардагерлердің үйіне барып, оларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Алдымен ақын Нұрпейіс Байғаниннің баласы Момын Байғаниннің шаңырағында болды.

Мәдениет саласының ардагері 5 бала тәрбиелеп, әке жолын жалғастырды. Күйші облыс әкімімен кездесуінде қолына домбыра алып, ризашылығын білдірді.

Кейін тыл ардагері, 45 жыл бойы мектепте сабақ берген Лидия Смурыгинаға барды.

Педагогпен кездесуден соң өңір басшысы Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі, ата-анасының отбасын құттықтады. Құдайберген Айтбаев кезінде Мұғалжарда совхоз директоры, Ембі кәсіптік техникалық колледжінің директоры қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген ата-әжесінің тәрбиесінде болып, 5 жасынан бастап музыкалық мектепте білім алды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев немересін бауырына басып, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді бала кезден бойына сіңірген Димашты тәрбиелеген Айтбаевтар отбасына алғысын білдірді. Өңір басшысы жаңа жылдық сый тарту етті. 

Соңғы жаңалықтар