Сарайшық қаласының орнынан Қасым хан сарайының табылуы ықтимал

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Махамбет ауданының Сарайшық ауылындағы көне қаланың орны қайта қазыла бастады, археологтар Қасым ханның сарайын табудан үмітті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Ұзақ жылдар бойы көне қала орнының аумағы жыл өткен сайын бірнеше метрге қысқарып келеді. Өйткені, қираған үйінділерді  Орал өзені шайып әкеткен. Биылғы жылы жағажайды бекіту жұмыстар жүргізілген. Бірақ, көне қала аумағының басым бөлігі су астында қалып, тек 20 пайызы ғана құрғақ жерде сақталған. 

Алайда, таяуда Мәскеуден Сарайшық қаласы енгізілген 18 ғасырдағы карта табылды. Картадан қаланың ең бай бөліктері басқа жағында орналасқандығы анықталды. Олардың қатарында бұл жерді басқарған Қасым ханның сарайы да бар. Біз сарай орналасқан жерді табуға тырысып жатырмыз», - дейді археолог Марат Қасенов.

Айта кетейік, бір кездері Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне Сарайшық қаласының орны «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енгізілген. 

Соңғы жаңалықтар