Сарыағаштық оқушыға Президент сыйлық жолдады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Сарыағаш ауданындағы С.Торайғыров мектебінің 4 сынып оқушысы Хиуаз Аршабай ел Президентінен арнайы сыйлық алды. 

Сарыағаштық оқушы Президенттен сыйлық алды
Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Әлеуметтік желіден «Президент балалардың арманын орындайды» деген жазбаны оқыған ол, өз арманын хатқа түсіріп, Мемлекет басшысына жолдаған. Арада біршама уақыт өткенде жеткіншек Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыйлығына ие болды. 

Хиуаз — көпбалалы отбасындағы алтыншы қыз. Ол тек оқу үлгерімі жағынан ғана емес, шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерімен де ерекшеленеді. Бауырларының барлығы да өнер-білімге бір табан жақын, ізденімпаз.

школьница
Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Президентке жазған хатында жеткіншек бауырларына ноутбук сұраған. Сонымен қатар мемлекет басшысымен кездесуді қалайтынын жеткізіпті. 

Арнайы Хиуаз Аршабай үшін Елордадан келген сыйлықты Түркістан облыстық білім басқармасының мамандары табыстады. Президенттің бұл жауабы Хиуазды үлкен қуанышқа кенелтті. 

школьница
Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Айта кетейік, бұдан бұрын ауыл мен қала мектебіндегі білім алшақтығы қайткенде жоғалатынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар