Сарыағаш ауданының тұрғыны 6 млн. теңге үшін әріптесіне қастандық жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны әріптесіне қастандық жасады.
None
None

Жантүршігерлік қылмыс күндіз орын алды. Көшелердің бірінде жәбірленушіге «Тойота» көлігімен екі адам келіп, арқа тұсынан оқ атып, ақша салынған сөмкені жұлып әкетіп, бой тасалаған. Ер адамның мойнына оқ тиіп, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Оқиға орнында аңшылық қарудың гильзасы тәркіленді. «Опель» көлігінде жәбірленушінің қаны және басқа да дәлелдер табылды. Қаскүнемдерді ұстау үшін іздестіру шаралары қабылданды», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлер ізін суытпай, екі күдіктіні қолға түсірді. Олардың бірі 1975 жылы туылған, айырбастау пунктінде жұмыс істеген, оның сыбайласы - 1993 жылы туылған, бұрын сотты болған жас жігіт. Екеуі де қылмыстарын мойындарына алды.

Полицейлер 39 жасар әріптесіне осы қастандықты ірі көлемдегі ақшаны қолды ету үшін ұйымдастырғанын анықтады. Ол зардап шегушіге теңгені долларға ауыстыруды ұсынып, адам жүрмейтін жерде кездеспекші болған. Зардап шегуші ақша толы сөмкемен күтіп тұрған кезде, қаскүнемдер келіп, оған оқ атып, қолындағы сөмкесін алып, оқиға орнынан тайып тұрған.

Заттай айғақ ретінде олардын 32 калибрлі «Сайга» маркалы аңшылық қару, трамватикалық тапанша, гильза және бытыра, ұрланған 6 млн. теңгемен әмиян тәркіленді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар