13:00, 07 Тамыз 2025 | GMT +5
Сәтжан Аблалиев ресми түрде көлік вице-министрі лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұны ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 4 тамызы күні Қазақстанның көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ұстаған. Сот санкциясымен ол қамауға алынды.
Сол кезде оны ұстап жатқаны туралы кадрлар жарияланған болатын.
Айта кетейік, Көлік министрлігі ресми сайты басшылығының тізімінде Сәтжан Аблалиев туралы ақпарат жоқ.