Сауд Арабиясы шетелдіктерге капитал нарығын ашады
АСТАНА.KAZINFORM - Корольдік шетелдік инвесторлардың қор нарығына кіруіне қойылған шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Kazinfor агенттігі.
Капитал тарту жұмыстарын алға жылжыту үшін Сауд Арабиясы осы жылдың 1 ақпанынан бастап ел тарихындағы ең ірі қаржы нарығын ырықтандыру бастамасын жүзеге асырды.
Нақтырақ айтқанда, Сауд Арабиясының Капитал нарықтары басқармасы (SCA) білікті шетелдік инвестор (QFI) режимін жойып, барлық шетелдік инвесторларға Tawadul қор биржасында саудаланатын акцияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
-Бекітілген түзетулер QFI режимін жояды және біліктілік талаптарына сай келмей-ақ барлық санаттағы шетелдік инвесторлар үшін нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз етеді,- деді Сауд Арабиясының қаржы реттеушісі өз мәлімдемесінде.
Түзетулерге дейін Tawadul биржасында саудаланатын акцияларға тек ірі шетелдік инвесторлар (басқаруы 500 миллион АҚШ доллары болатын активтері бар) ғана қол жеткізе алған.
Gulf News мәліметі бойынша, Tawadul қор индексінің жалпы көрсеткіші өткен жылы 13%-ға төмендеді. Осыған байланысты ел билігі шетелдік капиталды тарту арқылы сауда белсенділігін арттыруды көздеп отыр.
Бұған дейін Сауд Арабиясы биылғы жылдың қаңтар айынан бастап шетелдіктерге жылжымайтын мүлік нарығын ашатыны хабарланған болатын.