Сауд Арабиясынан 200-ден астам қырғыз азаматы еліне оралды

АСТАНА. KAZINFORM – Жиддадан екі репатриация рейсімен Бішкек пен Ошқа барлығы 210 қырғыз азаматы жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі тілшісі.

Сауд Арабиясынан 200-ден астам қырғыз азаматы елге оралды
Фото: Кабар

Жидда-Бішкек рейсімен 90 азамат, Жидда-Ош рейсімен 120 адам еліне оралды. 

Кабар
Фото: Кабар

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, бұл бағыттар бойынша рейстер тұрақты түрде аптасына үш рет – сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Бішкекке, ал дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Ошқа қатынайды. 

Кабар
Фото: Кабар

Сонымен қатар 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Оманнан Біріккен Араб Әмірліктерінде болған 360 қырғызстандық мінген екі рейс келеді деп күтіліп отыр. 

Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасы азаматтарының аман-есен оралуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. 

Кабар
Фото: Кабар

Бұдан бұрын Қырғызстан өз азаматтарын эвакуациялау туралы келіссөз жүргізіп жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум