Сауд Арабиясынан 343 отандасымыз елге жеткізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Ертең, 4 наурызда Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 343 отандасымызды елге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті.

а
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Ертең Жиддадан Қазақстанның 343 адамы жеткізіледі. Бұл — ұшып келетін алғашқы топ, — деді министр орынбасар Үкімет отырысынан кейін.

Оның мәліметінше, ең алдымен тізімге әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар, 60 жастан асқан азаматтар, сонымен қатар нақты бір ауруы бар тұлғалар енгізілген.

— Балалардың жалпы санын қазір айта алмаймын. Өйткені, әлі толық жасақталып болған жоқ. Біз адамдарымызды Жидда мен Маскат қаласына шоғырландырып жатырмыз. Олар бортқа отырғаннан кейін ғана нақты саны белгілі болады, — деді Әлібек Бақаев.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Иран аумағынан жер жолдар арқылы шығарылатынын жазған едік.

Айта кетейік, FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Алматы мен Астанаға 306 жолаушыны жеткізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум