Сәуірден бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылады

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Биылғы сәуірден бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізу басталады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен брифингте «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Забира Оразалиева мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, осы жүйе негізінде Қазақстанның кез келген азаматы жүйеге қатысушы банкте білім беру жинақтау салымын ашып, келешекте білім алу үшін оқудың ақысына қажетті қаражат жинауды бастай алады.

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша ашылатын депозиттердің банктердегі басқа депозиттерден ерекшелігі - оған банктің сыйақысынан бөлек мемлекет сыйақысы есептеледі. Ол салымшының әлеуметтік мәртебесіне қарай 5-7 пайызға аралығында белгіленеді. Алайда 100 АЕК-тен көп болмайды. Сонымен қатар, мемлекет сыйақысы бір жыл ішінде жиналған сомаға емес, барлық жылдар нәтижесінде жинақталған жалпы сомаға жыл сайын есептеледі», деп атап өтті З. Оразалиева.

З. Оразалиеваның сөзіне қарағанда, қазірде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне Қазақстан Халық банкі, Қазкоммерцбанк және Темірбанк қатысуға мүдделілік танытқан. Сондай-ақ, еліміздің басқа да ірі банктері Заң талаптарына сай келеді.

«Үкіметтің қажетті қаулылары, оның шінде қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы үлгі келісімді бекіту туралы қаулысы қабылданғаннан кейін, жинақтау салымдарын ашуға болатын банктер туралы мәліметтер БАҚ-тарда жарияланып, Қаржы орталығының сайтында орналастырылатын болады.

«Сәуір айынан бастап баласының болашағын ойлаған кез келген ата-ана жоғарыда аталған банктердің біріне барып, баласының атынан есепшот ашқызып, қазірден бастап қаражат жинастыра беруіне болады», - деді З. Оразалиева.

Соңғы жаңалықтар