Щучье әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр

«Бурабай ауданының әкімдігі Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың халықпен есептік кездесуі барысында аудиториядан сұрақтар түспегенін хабарлайды. Тікелей эфирді өткізген әкімдік қызметкері лауазымды тұлғаның балағат сөздер айтуына жол берілмегенін түсіндірді», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аудан әкімдігінен атап өткендей, Олжас Нұрмағамбетов осы жағдайға байланысты егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, оның видеосы Бурабай ауданы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды. Сонымен қатар, қала әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды.
«Осы постқа байланысты Бурабай ауданының әкімдігі тексеруді бастады. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - деп толықтырды ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Щучье қаласының әкімі әлеуметтік желіде «қала тұрғындарын балағаттаған жоқпын» деп бейнеүндеу жариялағанын жазған едік.