21:37, 11 Қазан 2016 | GMT +5
Сел қаупін азайту үшін Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлерде сел қаупін азайту үшін Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Ю.Ильиннің айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына қарай селден қорғау құрылымдарды дамытуға жобалық-сметалық құжаттама қарастырылады. Мұнда Қорғас өзеніндегі бөгет құрылысы да қамтылады. Алайда ақырғы сома мемлекеттік сараптама өткеннен кейін мәлім болады.
«Ақсай шатқалында 3 жаңа бөгет пайда болады, және Кіші Алматыдағы Мыңжылқы бөгеті жаңғыртылады. Сондықтан, жобалық ұйымдар осы бойынша жұмыс істеп жатыр. Селден қорғау құрылымдарын дамытуға қажетті нақты сома мемлекеттік сараптамадан кейін мәлім болады», - деді Ю. Ильин.
Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматыда үш гидротехникалық құрылымға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге ақша бөлінді.