Селден зардап шеккен 60-тан астам алматылық қалалық билікке көмек сұрап жүгінген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Селден зардап шеккен 60-тан астам алматылық қалалық билікке көмекке сұрап жүгінген, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
None
None

«ІІМ ТЖК бөлімшелерінің күштері, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері, жергілікті атқарушы ұйымдар, басқа да тартылған ұйымдар тұрғын үйлер, аулалар, мен автожолдарды, көшелер мен әлеуметтік нысандарды тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Арық желілерін ретке келтіру, сел ағындарын Қарғалы өзенінің арнасына бағыттау жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ведомствоның деректеріне сәйкес, Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары 21 көшені қарап шықты. 71 тұрғын үй мен аулаларда салынған қосымша құрылыстарға сел салдарынан тазарту көмегі көрсетілді. «Қызметтер мен жергілікті басқару органдарының өзара бірлескен әрекетімен Әуезов, Алатау, Наурызбай аудандарының селден зардап шеккен азаматтарынан келіп түскен 60-тан астам өтініш қаралды», - делінген хабарламада. Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері аумақты бақылау барысында тұрғын үйлерге құлау қаупі бар ағаштарды кесіп, өзен арнасын құлаған ағаштардан тазартты. Қауіп жойылды. Сондай-ақ Қарғалы өзенінің арнасын тазалау жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдай аймағы жұмылдырылған күштің көмегімен аумағы 4710 текше метрді құрайтын лайдан тазартылды. Сумен жабдықтау қызметтері тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етті. «Алатау Жарық компаниясы» АҚ мамандары сел жүру барысында 27 электр желісі зақымдалғанын анықтады. Қазір 8 тірек ауыстырылды, 11 трансфарматорлық қосалқы стансасын су басқан, олардың 7-еуі тазартылды. Жарық өшкен 3000 үйдің 180-і электрмен жабдықталды. ТЖ салдарын айқындау және ТЖ салдарын жою бойынша екі комиссия жұмыс істеуде. Олар нысандар мен тұрғын үйлерге визуалдық тексеру жүргізуде. Апат салдарын жою жұмыстарына 2169 адам, 349 техника, 1 тікұшақ тартылды.

Соңғы жаңалықтар