14:59, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Селолық округ әкімдерінің есеп беру жиналыстары басталды - Ақтөбе қаласы
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/- «Жергілікті атқарушы орган басшыларының есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Елбасы жарлығына сәйкес бүгін Ақтөбе қаласының бес селолық округ әкімдерінің есептік кездесулері басталды.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктың айтуынша, кездесулер қаңтардың 11-і мен 20-сы аралығында Қарғалы, Благодарный, Новый, Құрайлы, Сазды селолық округтерінде өтеді. Әкімдер барлығы 22 кездесу өткізеді.
Әкімдер тұрғындарға өз аумақтарының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері туралы есеп беріп, 2010 жылғы жоспарларымен бөліседі.
Ал қала әкімі Архимед Мұхамбетовтың есеп беру кездесулері қаңтардың 25-інен басталады және ол қала тұрғындарымен барлығы бес кездесу өткізеді.