18:11, 27 Тамыз 2020 | GMT +5
Семей әкімдігінің ғимаратынан ешқандай бомба табылған жоқ - полиция
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдің әкімдік ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сағат 17.00-де әкімдік ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлама бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары аяқталды. Алаңдауға еш себеп жоқ. Мамандар жарылғыш заттарды таппады» деп мәлім етті ведомстводан.
Семей қалалық полициясы ҚР ҚК 273-бабы бойынша көзделген қылмыстық заң бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, күндіз қалалық әкімдіктің ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы аноним телефон қоңырауы түскен болатын.