«Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Семей» командасы футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді.
Семейлік клуб бірінші турда Чехияның «Хрудим» клубымен шеберлік байқасты. Қазақстандық команда сапынан Кандидо Дос Сантос 6, 22, 27, Бруно Гомес 10, 19, Шыңғыс Есенаманов 21, Камиль Герейханов 23, Марсело 25, Әбдірасул Әбдуманапұлы 39-минутта мергендік танытты. Оған чехиялық команда бес голмен жауап қайырды.
Осылайша семейлік клуб қарсыласынан 9:5 есебімен басым түсіп, алғашқы ойында жеңіске жетті.
Айта кетсек, олар үшінші топта чехиялық клубтан басқа «Пальма» (Испания) және «Этуаль» (Франция) клубтарымен кездеседі. Енді семейлік команда 29 қазанда «Хрудим», 30 қазанда «Этуаль», 1 қарашада «Пальма» командасымен шеберлік байқасады.
Барлық ойын Испанияда «Пальма» клубының алаңында өтіп жатыр.
Сондай-ақ еліміздің атынан аталған турнирде алматылық «Қайрат» төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары – «Спортинг» (Португалия), «Приштина» (Косово) және «Ново Вриеме» (Хорватия).
Алдымен алматылық команда 29 қазанда «Ново Вриеме» командасымен өзара мықтыны анықтайды. Ойын «Qazsport» телеарнасынан Қазақстан уақытымен 23:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.
29 қазан мен 1 қараша аралығында жоспарланған кездесулер Хорватиядағы Макарска қаласында өтеді.