Семей полигонын жабу Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихындағы жаңғырыққа айналды - В. Рогалев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей ядролық полигонын жабу Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихындағы жарқын жаңғырыққа айналды. Бүгін Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте Мәжіліс депутаты Виктор Рогалев осылай мәлімдеді. Брифинг «АТОМ» жобасы және Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын ілгерілету» тақырыбына арналған болатын.
None
None

Депутаттың айтуынша, жақында Вена қаласында Ядролық қаруды қолданудың гуманитарлық салдарына арналған үшінші халықаралық конференция өтті. 151 мемлекеттен 700-ден астам делегат қатысқан шара барысында ядролық қару қолдану мүмкіндігінен туындайтын азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаға әсері, әлеуметтік-экономикалық салдары, азық-түлік қауіпсіздік мәселелері талқыланған.

«Қазақстандық делегация мүшелері аталған ауқымды басқосуда әлемдік қауымдастыққа Президент Н. Назарбаевтың Ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы бастамалары туралы ақпараттар берді. Семей ядролық сынақтар алаңын жабудағы Қазақстанның тарихи рөліне де назар аударылды. Бүгінгі таңда Қазақстан жаһандық ядролық қатерді болдырмаудың қажеттілігінде нақты шаралар қабылдау бойынша қатаң ұстанымды қолдайды», - деді В. Рогалев.

Бұдан бөлек, депутат Семей ядролық сынақ алаңында 1945-1989 жылдар аралығында 500-ге тарта жерасты, жерүсті және әуе кеңістігіндегі ядролық сынықтар жасалғанын еске салып өтті.

«Сол тұрғыдан алғанда Семей ядролық полигонын жабу Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихындағы жарқын жаңғырыққа айналды», - деді В. Рогалев.

Соңғы жаңалықтар