Семейде соққыға жығылған баланың қазіргі жағдайы қалай

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семейде дәрігерлер соққыға жығылған 6 сынып оқушысының қазіргі жағдайын айтып берді.

Семейде соққыға жығылған баланың қазіргі жағдайы қалай
Фото: Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан

Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 11 жастағы бала қазір педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында.

Семейде соққыға жығылған баланың қазіргі жағдайы қалай
Фото: Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан

— Жеткіншек ауруханаға 23 ақпанда түсті. Оған дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, қажетті тексерулер жүргізілді. Қойылған диагноз — жабық бас-ми жарақаты. Басында, аяқ-қолында көптеген теріасты гематомалар анықталды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді, — делінген ақпаратта. 

Семейде соққыға жығылған баланың қазіргі жағдайы қалай
Фото: Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан

Ведомство дерегінше, балаға қажетті диагностикалық тексерулер жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша өміріне қауіп төндіретін себептер анықталған жоқ. 

Семейде соққыға жығылған баланың қазіргі жағдайы қалай
Фото: Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан

Еске салсақ, бұған дейін Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылғаны хабарланған. 

Сондай-ақ мектеп директоры жұмыстан шығарылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар