Семейде үйлену тойының кортежінде жүк көліктері жүріп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүк көліктерінің ерекше тізбегін семейліктер видеоға түсірді, деп хабарлайды «Устинка Live» порталы.
None
None

Қалыңдық пен күйеу жігіт неке қию салтанатын ерекше қылып өткізгісі келсе керек. Ақ түсті жүк көліктері шарлар, ленталар және жүректермен безендірілген. Алайда, машиналар тіркемесіз болды.

Ерекше үйлену тойын видеоға түсірген куәгерлер Семейде бұған дейін мұндай той болмағандығын айтады.

Үйлену тойы кезіндегі жүк көліктерінің кортежі  қаладағы ең көп талқыланып жатқан тақырыпқа айналды. 

Соңғы жаңалықтар