Семейде жылу қазандықтарын жөндеу кезінде бюджет қаражаты жымқырылған

Семей қаласында жылу қазандықтарын жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ақша жымқыру
Фото: ҚазАқпарат

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қазандықтарының жылыту маусымына дайындығы тексерілген.

Соның барысында былтыр бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды.

«Облыс әкімдігінің бастамасымен экономикалық тергеу және ҰҚК өңірлік департаменттері бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеу кезінде қолданыста болған материалдарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері белгіленді», - делінген ақпаратта.

Әзірге нақты қанша қаражат екені айтылмады. Барлық мән-жай тергеу аяқталған соң ғана белгілі болмақ. 

Соңғы жаңалықтар