15:59, 10 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Семейде жылу жүйесінен ақау шығып, желідегі температура төмендеді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы шағын аудандардың бірінде жылу жүйесінде ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 желтоқсан күні сағат 4:00-де «Энергетик» шағын ауданындағы жылу жүйесінен ақау шыққан. Соның салдарынан үйлердегі жылу азайтылды.
«Теплокомэнерго» КММ мамандары бірден сол жерге келіп, жөндеу жұмыстарын қолға алды. Жылу тез арада қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына барлығы 12 адам тартылған», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, 2 желтоқсан күні сағат 17.25-те Семейдегі Ғаббасов көшесінде жылу жүйесінен ақау шыққан болатын. Келесі күні сағат 10:15-те жылу көзінің жұмысы штаттық режимде қайта іске қосылған.